Ассаламу'лейкум уа рахматуллаһи уа баракатуһ құрметті мұсылман бауырлар!!! -Қадірлі дін жанашырлары және жомарт жандар. Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Жезді кеңтінде мешіт құрылысы басталған еді, құрылысты аяқтауға қаржы тапшылығы кедергі болып отыр. Мешіт салуға көмек беру үлкен сауапты іс. Себебі мешіт бұл тек қана құлшылық жасау орны емес, сонымен қатар рухани білім алу, дұрыс тәлім тарбие алу, адамдардың рухани тәрбиесін дамытатын, барлық жаманшылықтан тыйылуды және жақсылық жасауға итермелеуді насихаттайтын орын. Сондықтан Ислам діні дамуына үлкен үлес қоса аласыздар!!! Жалпы, мешіт салудың сауабы қаншалықты үлкен екені жайында Құран аяттары мен хадистерден көреміз. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Алла Тағаланың мешіттерін тек Аллаға және ақырет күніне иман еткен, намаз оқыған, зекетін берген және Алладан басқа ешкімнен қорықпайтындар ғана салады», – дейді (Тәубә сүресі, 18-аят). Сонымен қатар Османнан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте пайғамбарымыз Мұхаммед ( оған Аллаһтың сәлемі болсын) "Кімде кім мешіт салса, Аллаһ Тағала оған жәннаттан үй салады" деген. (Бұхари,Муслим) Мешіттің салынуына көмек беру-сол мешітте жасаған әр адамның құлшылығының сауабы сол мешітті салуға көмек берген адамға жазылады. сіздер де үлес қоссаңыздар. Жəннəтта сізге үй тұрғызылғанын қаласаңыз, жерде мешіт салуға көмектесіңіз. Бір кірпішіне болса да үлес қосып Алла Тағаланың разылығына қол жеткізіп қалуға шақырамыз.Ел болып баршаңыз ат салысып көмек берсеңіздер екен. Көп түкірсе көл. -Барлық сұрақтар бойынша мешіт имамына жолықсаңыз болады. Байланыс нөмірлері: 87778929691 87026271091 (Медет имам) HALYK BANK: 4402 5735 7641 4314 ЖСН: 910905350422 -Қолыңыздан келетін ең алғашқы көмек таныс, дос, жақындарыңызға осы мəліметті таратыңыз. Басқалардың көруіне себепші болыңыз. Алла баршаңыздан разы болсын. Алла Тағала садақаларыңызды қабыл етсін!!

Теги других блогов: Ислам мешіт үлес